ШҚО-да биыл 140 шақырым жол жөнделді

827

Қазіргі уақытта облыстағы жергілікті желі жолдардың 170 шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылған. 

ШҚО-да биыл 140 шақырым жол жөнделді

Жыл соңына дейін орташа жөндеу бойынша 9 жобаны аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 137 шақырым болатын жол учаскелері жөнделетін болады: "Үлкен Нарын-Күршім", "Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар", "Күршім-Қалжыр", "Мақаншы-Жалаңашкөл", "Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар", "Согорное-Барлық-Ақсу", "Күршім-Ақсуат-Жолнұсқау", "Семей-Курчатов" және "Таврия-Каменка-Тройницкое".

Бұдан бөлек, биыл өңірде "Құйған-Жалаңаш", "Үлкен бөкен-Көкжайық-Үлгілі малшы" жолдарына, сондай-ақ, Құйған және Тассай ауылдарына кіреберіс жолдарға орташа жөндеу жүргізу бойынша 4 жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, облыста жергілікті желі жолдарының учаскелерін реконструкциялау жүргізілуде: "Ертіс өзені арқылы өтетін көпір", "Лопатино аралы маңындағы жол" және "Өскемен-Семей". Сондай-ақ, Өскемен және Семей қалаларының көше-жол желілерін жөндеу бойынша 17 жоба жүзеге асуда. Ал облыстың елдімекендерінде "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 32 жоба іске асырылып жатыр.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісі – республикадағы ең ұзын жолдардың бірі және 8584 шақырымды құрайды. Жыл соңына қарай облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 89%-ын нормативтік жағдайға жеткізу көзделген. Бүгінде бұл көрсеткіш – 85%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу