ШҚО-да биыл 30 ауылға су құбыры тартылады

944

Ал 2020 жылы су тазартуға арналған блокты-модульдік стансаны 60 елдімекенге орнатылады.

ШҚО-да биыл 30 ауылға су құбыры тартылады

ШҚО-ның халық саны 200-ден аспайтын елдімекендерге су құбыры желілерінің құрылысын бастау үшін үшжылдық бағдарлама әзірленді. Бұл туралы өңір әкімі facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Биыл 30 ауылды қамтимыз. Ал 2020 жылы су тазартуға арналған блокты-модульдік стансаны 60 елдімекенге орнатамыз", – деп жазды Даниал Ахметов.

Әкім Өскемендегі Северный ауылының тұрғындарымен кездескенін, мұнда 160-тан астам үйдің орталық сумен қамту жүйесіне қосылмағанын жеткізді.

"Қаланың орталық бөлігінде орналасса да, тұрғындар әлі күнге дейін суды құдықтан алады. Сәуірде облыстық бюджеттен 2977 км аумаққа сумен жабдықтау желісін жүргізу үшін қажетті қаражат бөлінді. Жоспарға сай, жұмыс қыркүйекте аяқталуға тиіс",– дейді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу