Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының шекарасындағы блок бекеттер жұмысы маусымның 19-ына дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың Бас санитарлық дәрігерінің кешегі қаулысында мәлім болды, деп altaynews.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
Сәуір айының басынан бері Алматы-Өскемен тас жолы мен Жалаңашкөл бағытындағы жолдарда санитарлық бекеттер қойылған болатын. Сырттан келген жүргізушілер мен жолаушыларда ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе вакциналау туралы құжат болуы тиіс. Бұлар болмаған жағдайда олардың дене қызуы өлшеніп, арнайы тіркеуге алынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу