ШҚО-да боранға байланысты тағы бір жол жабылды

82

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

ШҚО-да боранға байланысты тағы бір жол жабылды Фото: canva

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен аязға байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды. 

– "Қытай шекарасы-Майқапшағай-Зайсан айналма жолы-Қалбатау-Семей-Павлодар-Ресей шекарасы" жолының 1177-1256 шақырымы аралығында (Ақжар ауылының бұрылысынан Зайсан қаласына дейінгі жол) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан көлік жүргізушілерін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу