ШҚО-да борышкерлерден 21 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді, деп жазады inbusiness.kz noks.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары акция аясында борышкерлерден 21 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алған.
Бұдан басқа 12 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Себебі автокөлік иелерінде әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша борышы болған.
Өскемендік полицейлер 31 жастағы азаматтың басқаруындағы көлікті тоқтатып, ер адамда сомасы 110 мың теңгеден асатын 6 төленбеген ұйғарым барын анықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу