ШҚО-да браконьерлер 6 мың келіден астам балық аулаған

1042

Уылдырық шашу кезеңінде, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тыйым салынған балық кәсіпшілігі су айдындарында (учаскелерінде) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда балықты заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 16 сәуірінен бастап "Нерест-2021" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ШҚО-да браконьерлер 6 мың келіден астам балық аулаған

Іс - шараның негізгі мақсаты- балықты заңсыз аулау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашу, сондай-ақ балық қорғау органдарына балық қорларын сақтауда көмек көрсету.

Осы жылдың үш айында табиғат қорғау полициясының бөліністері балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде 239 экологиялық құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде браконьерлерге қатысты 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері заңсыз ауланған 6 мың кг балық тәркіленіп, мемлекетке 3 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

4 күн ішінде облыста балық ресурстарын заңсыз аулаудың 66 құқық бұзушылығы анықталды, 64 адамға қатысты жалпы сомасы 1 млн. 044 551 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетсек, 18 сәуірде "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 914 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Тлеужан Лепесов пен полиция аға лейтенанты Думан Советхановтың құрамында патрульдеу кезінде "Chevrolet" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру кезінде тиісті рұқсат құжаттары жоқ 6 қап балық (шортан) табылды. Жалпы шығын 198 000 теңгені құрады. Семей қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы және 389-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Нерест-2021" жедел алдын алу шарасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу