ШҚО-да бұғы мүйізін жинау маусымы басталды

3107

Емдік дәрілерге қосып, медициналық мақсатта пайдалану үшін маралдың әлі қатып үлгермеген мүйіздері әр көктемнің соңында кесіледі.

ШҚО-да бұғы мүйізін жинау маусымы басталды

Шығыс Қазақстанда бұғының мүйізін жинау маусымы басталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Шығыс қазақстандық шаруалардың бірі 300 гектар аумақта бұғы өсіретін ферма ашқан. Қазір онда 250-ден аса бұғы жайылып жүр. Кәсіпкердің айтуынша, бұл сирек өнім Оңтүстік Корея мен Қытайда танымал. Мүйіздің келісі 150-200 доллар аралығында саудаланады.

"Мен осы өңірде туып-өскендіктен, бұғылардың қыр-сырын жақсы білемін.  Мүйізін кескен кезде олар шошып, стресс алады, бірақ онда жүйке тамырлары болмағандықтан, ауырмайды", – дейді кәсіпкер Кеңес Мұралинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу