ШҚО-да бұғы шаруашылығына субсидия бөлінді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Осыдан бір жыл бұрын облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен бұғы шаруашылығына облыстық бюджеттен субсидия бөліне бастаған болатын. Саланы қаржылай қолдау шарасы биыл да жалғаспақ.
"Қазір бұғы өсіретін шаруа қожалықтарынан субсидияға қажет құжаттар қабылдап жатырмыз. Былтырғыдай әр басқа 10 мың теңге төленеді. Бұл қожалықтар үшін әжептәуір көмек" – дейді Асқар Жақыпбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу