13 бүркітші бұл жолы Бозанбай ауылында бас қосты. Оның ішінде Ұлан ауданынан 6, Үржар ауданынан Тәттімбек Кәпұлы бастаған 7 бүркітші келіп қатысты.
Шараға аудан халқынан бөлек шет ел туристері келіп, қазақ халқының дәстүрлерімен танысып, ерекше қызығушылық білдірді.
Сайыс қорытындысы бойынша, Үржар ауданынан келген Ырыздық Қасейін (бүркіттің аты – Көкшегір) бас бәйгені қанжығасына байлады. Екінші орынға үржарлық Нұман Өмірбек (бүркіттің аты – Мұзбалақ) жайғасса, Айтқұрман Қайдар (бүркіттің аты – Ақсұңқар) үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға аудан әкімі атынан мадақтама хаттары табысталып, жүлдегерлерге ұландық азаматтардың демеушілігімен ақшалай сыйақы берілді.