Шығыс Қазақстанда орман өртін сөндіру жұмыстары бойынша жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталардың өрті сөндірілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылып, 72 рет су төгілді. Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу