ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды

277

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дәрігерге жала жапқан зейнеткерге қатысты сот ісі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды Фото: canva

Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады. Ал дәрігер айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

– Сот жауапкерді ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Нәтижесінде ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу