ШҚО-ның медициналық мекемелеріндегі дәрігер мамандар 6 айға шетелден білім алуға жіберілетін болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен отырыста аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
"Біздің дәрігерлерді шетелдік емханалардан біліктілігін арттыруға 6 айға жіберу қажет. Ал отбасындағылар сағынбас үшін, үш ай өткен соң бір аптаға үйіне келіп кетуге рұқсат етіледі. Жол ақысы бюджет есебінен төленеді", – деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, жарты жылға үш айлық оқудан өтіп келгендерді ғана жіберу керек екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу