Шығыс Қазақстанда дауыл тұрып, 11 ғимараттың шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды 24.kz.
Қатты жел кеше сағат 17,30-да басталды. Секундына шамамен 30 метр жылдамдықпен соққан сұрапыл дауылдан Аягөздегі үш мектеп пен Жармадағы аудандық территориялық инспекция ғимараты және балабақша шатыры бүлінді.
Қазір аталған орындарда арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу