ШҚО-да дүкендердегі өнімнің қауіпсіздігіне тексеру жүргізілді

1005

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі аясында 45 сауда, қоғамдық тамақтану және дәріхана нысандарынан 325 сынама алынған. 48 сынама бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталып отыр.

ШҚО-да дүкендердегі өнімнің қауіпсіздігіне тексеру жүргізілді

Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі аймақтағы дүкендер сөрелерінен мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін анықтады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Сауда орындарындағы қаңтар айында жүргізілген ревизия бойынша, ШҚО-ның санитар мамандарының айтуынша, аймақтың дүкендерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерінің саны арта түскен.

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі аясында 45 сауда, қоғамдық тамақтану және дәріхана нысандарынан 325 сынама алынған. 48 сынама бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталып отыр.

Ең жиі таралған бұзушылық – тауардағы таңбалаудың сәйкессіздігі, яғни мемлекеттік тілдегі ақпараттың, ресми бірыңғай белгісінің және дайындалған мерзімінің көрсетілмеуі.

Айта кетсек, тауардың дайындалған мерзімі Алматы және Семей қаллларында шығарылған отандық өнімдерде көрсетілмеген. Өндірушілерге айыппұл салынып, бұл өнімдер толық сатылымнан алынған екен.

Сондай-ақ, қаңтарда жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді сату фактілері де жиілей түскен.

Ең көп бұзушылықтар Зайсан, Риддер қалалары мен Күршім, Жаңа Хайрузовка, Ақсуат ауылдарынан анықталыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу