ШҚО-да дүлей жел мектептер мен аурухананың шатырын жұлып кетті (видео)

525

Күшті жел Шығыс Қазақстандағы әлеуметтік ғимараттардың сапасын тағы да әшкерелеп берді. 

ШҚО-да дүлей жел мектептер мен аурухананың шатырын жұлып кетті (видео)

Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында ауданы 226 шаршы метр болатын учаскелік аурхунаның шатырын ұйытқыған жел қаңбақ құрлы көрмеген. Ал Зайсан ауданының орталығында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, бір жер үйдің, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаттың, М.Әуезов атындағы мектептің және қосқабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті де растап отыр.

"Күшті жел туралы шұғыл хабарлама алған болсаңыздар, барынша сақ болып, ғимараттардың ішінде бой тасалау керектігін ескертеміз. Қатты желге тап болсаңыз, үйдің қабырғасын, аялдамалар мен жарнама қалқандарын ықтасын етуге болмайды. Үзілген электр сымдарына жоламаңыздар. Көлігіңізді кәрі ағаштың маңайына қаңтармауға кеңес береміз", – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу