ШҚО-да екі аудан әкімі ауысты

729

Ольга Булавкина тәуелсіздік жылдарынан бері ШҚО-да аудан басқаруға тағайындалып отырған алғашқы әйел адам.

ШҚО-да екі аудан әкімі ауысты

ШҚО басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Шемонаиха және Бородулиха аудандарына жаңа әкім тағайындалды. Бүгін аталған аудандарға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі жаңа басшыларды аудан активіне таныстырды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Шемонаиха ауданына әкім болып осыған дейін көршілес Бородулиха ауданын біршама жыл басқарган Григорий Акулов келсе, Бородулиха ауданына Ольга Булавкина тағайындалды. Ольга Александровна әкім болғанға дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарған.

Атап айтсақ, Ольга Булавкина тәуелсіздік жылдарынан бері облыста аудан басқаруға тағайындалып отырған алғашқы әйел адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу