1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суықбастау елдімекенінде тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан отты сөндірді. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылған, деп хабарлайды 24.kz..
Алдын ала болжам бойынша олар түтінге уланып көз жұмған.
Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу