ШҚО-да екі күннің ішінде 30-ға жуық мас жүргізуші ұсталды

692

ШҚО-да екі күннің ішінде 30-ға жуық мас жүргізуші ұсталды

ШҚО-да 2-4 шілде аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алдын-алу іс-шаралары өтіп жатыр деп хабарлайды altaynews.kz.

Жедел алдын-алу шаралары барысында полиция тарапынан жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпке бақылау күшейді. 
"Іс-шараның алғашқы күнінде-ақ ізі суып үлгермеген 42 қылмыстың беті ашылды. Олардың төртеуі қоғамдық орындарда жасалған. Іздеуде жүрген 4 қылмыскер құрықталды", – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінде.

Полицейлер автокөліктің бөлшектерін қолды еткен күдіктіні қолға түсірді.

Бұдан бөлек тұтас облыс көлемінде мас күйінде көлік тізгіндеген 26 жүргізуші ұсталған.

"2 шілдеде ІІБ жедел басқарма орталығына Қазақстан көшесі бойында "Мерседес Бенс" маркалы көлікте масаң күйдегі жүргізуші отыр деген хабар келіп түсті. Сақшылар құқық бұзушыны ұзатпай ұстап, наркологиялық диспансерде тексеруден өткізді. Көлік жүргізушісінің шынымен де алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Айыпты азамат бұған дейін де жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылған екен", – деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу