ШҚО-да экс-шенеунік иелік еткен құны 4,8 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

534

Бұрынғы шенеуніктің біріне Өскемен мен Бұқтырма жағалауындағы жер тиесілі болған. 

ШҚО-да экс-шенеунік иелік еткен құны 4,8 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан 36,9 мың га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, былтыр прокурорлық қадағалау актілері негізінде кадастрлық құны 5,5 млрд теңге болатын ауданы 36,9 мың га 533 жер учаскесі қайтарылды.

Мемлекет меншігіне өткен жерлердің ішінде облыстағы экс-шенеуніктердің біріне бұрын тиесілі болған Өскемендегі 4 учаске, Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы 3 учаске де бар. Бұл жерлер 10 жыл бойы пайдаланылмай келген. Жердің нарықтық құны 4,8 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу