ШҚО-да электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

565

Жауапты мекеме қайта-қайта өтінім беріп келеді.  

ШҚО-да электр энергиясы қымбаттауы мүмкін Фото: google

ШҚО-да электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін. "Шығысэнерготрейд" ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне қайта-қайта өтінім жолдап келеді. Егер монополияға қарсы компания келісім берсе, шекті баға наурыздың екінші жартысында-ақ жоғарылайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін "Шығысэнерготрейд" 1 ақпанда бір өтінім беріп, жауап болмаған соң қайтарып алған. Енді тағы да хат жолдап жүгініп отыр.

Олар тарифтің өсуіне "энергия сатып алу мен берудің орташа бағасы жоғрылауы", "KEGOC" АҚ-ның қызмет құны өсуі", "жабдықтар артуы" әсер етті деп көрсетеді.

  • Сонымен, тұрғындарға – 17,372 теңге/кВтсағ;
  • басқа тұтынушыларға үшін (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) — 27,639 теңге/кВтсағ;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін - 22,867 теңге/кВтсағ болады деп жоспарланған.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу