ШҚО-да электр энергиясымен жабдықтау жобасы іске қосылды

1146

ШҚО-да электр энергиясымен жабдықтау жобасы іске қосылды

Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жалпыұлттық телекөпір барысында Екібастұз — Шүлбі су электр станциясы — Өскемен қуат жеткізу желісінің Шығыс Қазақстандағы жаңа бөлігі іске қосылды, деп жазады egemen.kz.

"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, KEGOC компаниясы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік электр энергиясын тасымалдау транзитының құрылысын жүргізуде. Осы жобаның бірінші кезеңі 700 шақырым Екібастұз-Семей-Өскемен электр  желілері мен 500 кВ-тық Семей қосалқы станциясы және де үш қосалқы станцияларын кеңейту жұмыстары мерзімінен бір жыл бұрын, еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігіне орай аяқталды. Жоба Шығыс Қазақстан облысын электр энергиясымен жабдықтау сенімділігіне, өңірдің экономикасының дамуына  және жалпы  Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осы жобаның 1 кезеңін іске қосуға рұқсат етіңіз!" —  деді "KEGOC" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Өз кезегінде телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске қосуға рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу