ШҚО-да электр қуаты қымбаттауы мүмкін

842

"Шығысэнерготрейд" өкілдері ақылы транзит электр қуатының облыс көлемінде қымбаттауына әсер етеді дейді.

ШҚО-да электр қуаты қымбаттауы мүмкін

Риддерлік жылу электр орталығында электр қуатын беру тарифтерін орнату мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. "Шығысэнерготрейд" өкілдері ақылы транзиттің электр қуатының облыс көлемінде қымбаттауына әкелетінін ескертіп отыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Риддерлік ЖЭЦ-те жуықта жаңа қызмет түрі пайда болған еді – электр қуатын беру. Енді ол ақылы түрде көрсетілуі мүмкін. Қандай тариф бекітілетіні әзірше белгісіз. Бұл мәселені қазір табиғи монополияларды реттеу бойынша комитеттің департаменті қарастыруда.

Энергетиктер киловатт-сағатына 0,88 теңге болатын тарифті белгілеуді ұсынады. Егер бұл тариф бекітілетін болса, электр қуаты облыс көлемінде қымбаттамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу