ШҚО-да еліміздегі ең ірі тау-кен диірмені салынбақ

1079

ШҚО-да еліміздегі ең ірі тау-кен диірмені салынбақ

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданына барды. "KAZ Minerals Aktogay" мыс кен орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Кәсіпорын қазіргі уақытта жыл сайын 25 миллион тонна кен өндіреді. Басшылық жұмыс өнімділігін бұрынғыдан екі есе өсіруді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жетекшісі Олег Новачуктың айтуынша, мұнда әлемдегі ең ірі тау-кен диірмені салынбақ. Қазіргі уақытта іргетасы қаланып жатыр. Ал бір айдан кейін мердігерлер металл құрастырылымдарды орната бастайды. Сосын қажетті жабдықтар келтіріледі. Жобаның жалпы құны – 1,2 миллиард доллар.

Облыс әкімі бұдан бөлек кәсіпорын маңындағы мамандар даярлайтын орталықпен де танысты.

Аталмыш бағдарлама бойынша, онда аймақтағы колледж бен университеттерді бітіріп келген 40 жас үйреніп жатыр. Келер жылы үйренушілердің қатары 238-ге дейін артпақ. Кәсіпорын басшылығы көбіне геологиялық барлау, политехникалық және электротехникалық колледждердің түлектері жұмысқа қабылданып жатқандығын айтты.

Аймақ басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалады. Белгілі бір оқу орындарымен ғана шектелмей, Өскемен мен Семейдегі өзге де білім ошақтарымен байланысқа түсуді тапсырды. Мұндай байланыстар арқасында маман даярлауда көп қиындық тумайды, сондай-ақ оқу орындары қажетті заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілетіндігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу