Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйел енесіне әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, оның жеке және биометриялық деректерін пайдаланып, мобильді банкинг арқылы бірнеше несие алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бастапқыда сот оның жазасын екі жылға бас бостандығын шектеу түрінде белгілеген. Алайда пробация қызметінде тұрған кезінде әйел тәртіп бұзған – тұрғылықты мекенжайында болмаған, сондай-ақ электронды бақылау құралын тағудан бас тартқан. Осы себепті сот шешімімен оның жазасы түрме жазасына ауыстырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу