ШҚО-да есірткі таратып жүрген 8 адам ұсталды

622

Биылғы жылдың 1-15 қыркүйек аралығында ШҚО-да есірткі қылмысына қарсы бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

ШҚО-да есірткі таратып жүрген 8 адам ұсталды

ШҚО-да арнайы операция барысында есірткі тарату үшін өзге өңірлерден келген 8 азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Олардың барлығы назарға ілікпеу үшін тек түнгі уақытта жұмыс істеген. Белгілі болғандай, қылмысты болғандар шетелдегі бір интернет-дүкен басшысының әмірімен әрекет етіп отырған.

"Жарты айдан аз уақыт ішінде полиция қызметкерлері олардың әрқайсысына оларды қолға түсіруге негіз болған қажетті дәлелдемелер базасын жинады.

"Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындары болған барлық сегіз наркокурьерден, синтетикалық есірткінің бір мың дозаға тең аса ірі салмағы тәркіленді. Ұсталғандардың арасында колледжде оқитын кәмелетке толмаған бала да болған. Қалғандарының жасы 23-тен 30 жасқа дейін", – деп жазылған хабарламада.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов: Соттың санкциясымен ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 296, 297-баптары бойынша сараланады, тиісінше олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу