Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған интернет-дүкеннің "қоймашы-ораушысы" ретінде әрекет еткен Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдіктінің уақытша тұрған жалдамалы пәтеріне тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 5 полимерлі пакет және өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакет табылды.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың мессенджерлердің бірі арқылы есірткі таратушы ретінде жұмысқа тартылғаны, сондай-ақ белгісіз куратормен байланыс орнатып, одан тапсырмалар алып отырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.