ШҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Латвияның екі азаматы сотталды

181

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

ШҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Латвияның екі азаматы сотталды Фото: ortcom.kz

Шығыс Қазақстанда Латвияның екі азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін 11 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі Латвия азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде, облыс прокуратурасы ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен қадағалау органының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың анықталғаны туралы хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, тінту барысында 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік дозаға баламалы), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағдар берді.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу