ШҚО-да есірткіге мас күйінде адам тасыған жүргізуші ұсталды

882

Ол жолаушыларды Өскеменнен Семейге жеткізбек болған

ШҚО-да есірткіге мас күйінде адам тасыған жүргізуші ұсталды Фото: Taulik.kz

Шығыс Қазақстанда есірткі тұтынып, жолаушыларды тасымалдаған көлік жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Шілде айының ортасында жол-көлік патрульдік полициясы Өскемен-Семей тас жолында LADA 21144 көлігін тоқтатты. Аталған жеңіл көлікті 35 жастағы жүргізуші басқарған.

"Құжаттарды тексеру кезінде ер адам біртүрлі әрекет танытып, полицейлерге күдік туғызды. Кейінірек сараптама жүргізушінің ағзасында есірткінің бар екенін анықтады",- деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, өткен жылдың наурыз айында сот оны 8 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырғаны анықталды.

Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Құқық бұзушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу