ШҚО-да ғалымдар жергілікті танталдан имплант жасау тәжірибесін жүргізді

776

ШҚО-да ғалымдар жергілікті танталдан имплант жасау тәжірибесін жүргізді

Қос тарап мемлекет қолдауы арқасында инновациялық өнімдер өндіруге күш салып отыр, деп хабарлайды 24Хабар

Бүгінде 10 ғылыми жоба дайын. Өтінішті республикалық комиссия қарап жатыр. Егер мақұлданса, қазынадан 2,7 млрд теңге бөлінуі тиіс. 10 жобаның 7-еуі нақты ғылыми-техникалық бағдарлама, қалған үшеуі оларды орындауға бағытталып отыр. Шикізатты қайта өңдеу арқылы сапалы медициналық жабдықтарды жасауды қолға алу маңызды. Мәселен өңірде өндірілетін титан, тантал өнімдерінен бассүйек жарақатында қолданылатын имплант жасау тәжірибесі нәтижесін берді. Енді ғалымдар тек Корея мен Жапония елдерінде ғана жасалатын томографияның негізгі элементтерін өндіруді қолға алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу