Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласында газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқиға 22 маусым күні Украинская көшесінде болған. Жарылыс салдарынан зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді.
- Газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болып, өрт шықты. Тілсіз жаудан 5 бірлік техника бүлінді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, ауданы анықталуда. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жарылыс салдарынан 2 адам термиялық күйік алып, тез арадам аурухаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына ешқандай қауіп жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу