Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділігін арттыруда.
"Шығыс Қазақстанда алдымен жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мен өнеркәсіп саласында жаңа технологиялар трансфері арқылы өнімділікті арттыру жүргізілуде. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары аталмыш салада жұмыс істеп жатыр", – деді ШҚО индустриялды-инновациялық дамыту мен кәсіпкерлікті басқару жетекшісінің міндетін атқарушы Мақсат Мұсапірбеков.
Мәселен, 2017 жылы "Ази Авто" АҚ-да диагностикалық және құрастыру паркін жаңарту көзделген. Әлемдік брендтердің технологиялары қолданылуда: GM, SKODA, KIA, Renault-Nissan-АВТОВАЗ.
Сондай-ақ, Lean Production замануи басқару технологиялары мен Кайдзен жүйесі, 5S әдістері енгізілді.
Сонымен қатар, компания толық циклды автозауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Ол Өскеменде автокомпоненттерді шығаратын болады.