ШҚО-да халықаралық стандарттарға сай зертхана салынады

901

ШҚО-да халықаралық стандарттарға сай зертхана салынады

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын еселеуге мүдделі. Шығыс Қазақстанда осы саланы жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттарға сай зертхана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24Хабар.

Өткен жылы ғана өңір кәсіпкерлері Қытай нарығына 2 мың тонна бал және 60 мың тонна күнбағыс өнімдерін экспорттады. Мамандар жобаның әлеуетін жоғары бағалап отыр. Сондықтан заманауи зертхананы жыл соңына қарай іске қосу жоспарда тұр. Әмбебап нысанда ауыл шаруашылығы өнімдері жүйелі тексеруден өткізіліп, арнайы сертификат табысталады. Бұл құжат отандық өнімнің шетел нарығына еркін шығуына жол ашады.

"Мал өнімдері апаратына кәсіпкерлер сертификатты ветеринарлық зертханадан, өсімдік өнімдерін апаратындар карантиндік зертханадан, дайын өнім апаратындар СЭС-тен өтетін болса, енді сол тексерістер бір-ақ жерде болады. Бір ғана сертификат беріледі. Ең тиімділігі – адам уақыты. Бір жерде болғаннан кейін оның зерттеудің құны төмендейді", – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу