Тәртіп сақшылары жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 200-ге жуық дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында Қазақстан, Ресей және Украина азаматтары ұсталды.
Олардың алаяқтық әрекетінен тұрғындар жүздеген миллион теңге шығынға батқан.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға ақпараттың анық-қанығын тексеріп, жеке мәліметті бейтаныс адамға жарияламау керегін ескертеді.
Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Бекжан Малғаждаровтың айтуынша, соңғы 3 айда шығын көлемі 62 миллион теңгеден асатын 30-дан астам алаяқтық істің беті ашылған.
Қаражат сот тергеуі барысында қайтарылады. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін аз ақша емес. Алаяқтардың құрығына көбіне ересектер түсіп қалады.