ШҚО-да Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды

1468

ШҚО-да Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды

Ұлыстың ұлы күні Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында той тойға ұласты.

Мұнда қазақтың қас батыры, дарабоз қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырға ескерткіш тұрғызылды, деп хабарлайды 24Хабар.

Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жұрт орталық алаңға жиналып, ұлттық салт-дәстүр мен шежірелі тарихтан сыр шертетін қойылымдар тамашалады. Жер емген үржарлықтар өткен жылы мол өнім алса, тауық жылы да табысты болады деген сенімде. Үржарлықтар үшін биыл атаулы күндер, мерейтойлар аз емес. Солардың бірі – Қабанбай батырдың 325 жылдығы, Әсет ақынның 150 жылдығы бүгінгі Наурыз мерекесіндегі тақырыптан тыс қалған жоқ. Еселі еңбек пен береке, бірлікті ту еткен халық осылайша Наурыз мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Биіктігі 10 метр гранит тастан қашап жасалған еңселі ескерткіш Үржар ауылының ажарын аша түсті. "Бабалар ерлігі – елге мұра, ұрпаққа өнеге" деп есептейді Қабанбай батырдың ұрпақтары.

"Жер-жерде атпен тұрған батырлардың барлығы бір-біріне ұқсас, ажырата алмаймыз. Тек қана батыр деген аты ғана. Сондықтан бұларға ең бірінші берген ойымыз – білектің күші, найзаның ұшы. Осындай әсермен жасалған дүние болып шықты. Мәңгілік елге аяқ басу үшін біздің келер ұрпақ жастарымызды тәрбиелеу үшін салт-дәстүрімізді ұмытпау үшін рухымыз мықты болу керек", - дейді жобаның авторы Құсман Шалабаев, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу