ШҚО-да қар көшкіні жүрді

617

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында ала құйын боран соқты. Кейін қатты жел болып, қалың қар жауды.  

ШҚО-да қар көшкіні жүрді Фото: pixabay

Салдарынан "Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері" республикалық маңызы бар тас жолының 62-63 шақырымында қар көшті, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Осыған байланысты Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді. Мамандар дереу қар тазалау жұмыстарына кірісті. Ал құтқарушылар қар құрсауында қалған  жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу