ШҚО-ның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды altaynews.kz.
Құтқарушылар мәлімдегендей, қар көшкіні 22-27 қаңтар аралығында болуы ықтимал.
"Қар көшкінінің жүруі өңірдің таулы аудандарында температураның жоғарылауына байланысты болып отыр", – дейді ШҚО ТЖД.
Қауіпті жағдайға байланысты аймақ тұрғындарына таулы аймақтарға бармауға кеңес береді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу