ШҚО-да карантин талаптары ұзартылды

684

Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО-да карантин талаптары ұзартылды

​Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%.  

Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті. Жарлық 2021 жылы 17 қазанда күшіне енеді

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу