ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

1478

Мейрамханаларға ас беру рәсімдерін өткізуге рұқсат берілді. Алайда ондағы адам саны 50-ден аспауы керек.

ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды

6 наурыз күні ШҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңірде карантиндік шектеулер 20 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ведомствоаралық коммиссияға (ВАК) сілтеме жасап.

"ШҚО аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 07 наурызынан 20 наурызға дейін ұзартылды", - деп жазылған ВАК таратқан хабарламада.

Қаулыда жазылғандай:

  • Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда тәжірибеден өтер алдында COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырады;
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маска тағу және арақашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан, адам саны 50-ден аспаған жағдайда банкет залдарында еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізуге рұқсат берілді;
  • Персоналдың маска тағу тәртібін сақтау, термометрия, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялауды жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараны өткізбеу, ата-аналарды кіргізбеу шартын қатаң сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысы қайта басталады;
  • Жалпы білім беретін мектептерде дайындық сыныптарының оқушылары мен 1-5 сыныпты, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда аралас форматта оқуға рұқсат берілді. Сыныптағы оқушылардың саны 25-тен аспауы керек.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу