ШҚО-да қараусыз қалған әуежай қалпына келтіріледі

1201

ШҚО-да қараусыз қалған әуежай қалпына келтіріледі

Зырян ауданының билігі  бүгінде мал қамайтын қораға айналған бұрынғы әуежай ғимаратын қалпына келтірмекші. Бұл туралы Устинка LIVE сайты жазып отыр.

Сайттың дерегі бойынша, Зырян ауданында туризмді дамыту үшін облыс орталығынан тас жол салынуда, ал келер жылы әуежайды қалпына келтіруге кіріспекші. Ұшып-қону жолағы бүгінде тақырған айналған, әйтсе де Кеңес уақытында Зыряндағы әуежай аса сұраныста болған еді.  Ол қала аумағында орналасқандықтан, барлық коммуникация желілері сол күйі сақталған.

"Әуежай ғимаратын жеке кәсіпкер бір кездері бес мың теңгеге сатып алған еді, ал қазір оған 50 миллион сұрап отыр. Оның құны сонша тұрмайды.  Ол жерде біраз жылдан бері мал бағылып келеді, сондықтан  ғимаратты сатып алғаннан гөрі, жаңасын тұрғызған әлдеқайда тиімді", – деді Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.

Ал ұшып-қону жолағы коммуналдық меншікке қарайды, сондықтан, аудан басшысының айтуынша,  әкімшілік оны қалпына келтіруге қаржы құюға ниетті. Мұның алдында Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгертілген болатын.

"Бұл аудан – Алтайдың төрі, сондықтан сол атауға лайық. Ол туризмнің дамуына ықпал етеді. Осы мақсатта жолдарды жасап, одан кейін туризмнің дамуына миллиардтаған қаржы құятын боламыз", – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу