ШҚО-да қаруды сақтау ережесін бұзған 20-ға жуық адам жауапқа тартылды

81

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары атыс қаруы бар адамдарға тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да қаруды сақтау ережесін бұзған 20-ға жуық адам жауапқа тартылды Фото: ШҚО ПД

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 21-24 сәуір аралығында "Қару" жедел-алдын алу шарасы жүргізілді.

– Соның барысында полицейлер азаматтық қару иелеріне тұрғылықты жері бойынша ауқымды тексеру жүргізді. Жалпы саны 1 500-ден астам адам қамтылды. Жүйелі түрде жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, рейдтік іс-шаралар барысында қару сақтау және қайта тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ құқық қорғаушылар заңсыз айналымнан 1 атыс қаруын тәркіледі. Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу