ШҚО-да қаржы пирамидаларына қатысты 500-ге жуық сілтеме бұғатталды

156

Шығыс Қазақстан облысында үш қаржы пирамидасы жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да қаржы пирамидаларына қатысты 500-ге жуық сілтеме бұғатталды Фото: canva

Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді.

– Былтыр департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі интернет кеңістігін бақылау болды. Жыл бойы мамандар алаяқтық белгілері бар және құмар ойындарға қатысты ресурстарды анықтап, бұғаттаумен айналысты. Атап айтқанда, өңірде қаржы пирамидаларына қатысты 481 сілтеме, онлайн-казино және құмар ойындарға байланысты 591 сілтеме, заңсыз криптоалмастыру пункттеріне қатысты 121 сілтеме бұғатталған, – деді ол.

Сонымен қатар азаматтарды алдын ала ескертуге ерекше назар аударылып келеді. Telegram мессенджерінде "Baiqa, piramida" сервисі іске қосылып, оның көмегімен пайдаланушылар күмәнді жобаларды өз бетінше тексере алады. Ол үшін сайтқа немесе әлеуметтік желідегі парақшаға сілтемені енгізу жеткілікті.

– Кейінгі бір жылда облыста үш қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ интернет-ресурстарды бұғаттау және азаматтарды қорғауға арналған цифрлық сервистерді енгізу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр, – деді Тимур Мұқанов.

Жалпы Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылдан бері Қазақстанда 100-ден астам қаржы пирамидасы анықталып, жойылған. Олардың қатарында инвестициялық жобалар ретінде бүркемеленген ірі схемалар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу