ШҚО-ға 10 866 техникалық, кәсіптік маман қажет деп болжанып отыр. Белгілі болғандай, Өскемен (3308), Семей (1901), Риддер (1452) қалалары мен Шемонайха (427), Күршім (360), Жарма (328) аудандарына жұмысшы мамандары көп қажет, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жұмысшы мамандықтарының ішінде ғимараттар мен құрылыс нысандарын, имараттарын салатын мамандар (1137), дәнекерлеушілер (842), автокөліктерді жөндеумен, оларға қамту қызметтерін көрсетумен айналысатын мамандар( 545) аса қажет екені анықталған.
Өнімді еңбекпен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021-жылдарға арналған бағдарламасы бойынша биылдан бастап тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы іске асырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мамандарды оқыту екі бағыт бойынша: жергілікті бюджет есебінен және "Өнімді еңбекпен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында жүргізілмек. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша тегін оқытуға 2017-2018 оқу жылына 4 500 орынға облыстық бюджеттен 598 млн. теңге бөлінген.
Сонымен бірге, жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін облыста 29 жасқа дейінгі 6 660 жас қысқа мерзімдік кәсіптік білім алмақ. Сөйтіп, бағдарлама аясында жыл сайын 1 730 жас кәсіптік білім алады. Бағдарламаға қатысушылардың бәрі шәкіртақы, тегін тамақпен, жеңілдікпен берілетін жолақысымен қамтылады.
Алдағы төрт жыл ішінде облысқа 10 866 техникалық, кәсіптік маман қажет деп болжанып отыр. Белгілі болғандай, Өскемен ( 3308), Семей (1901), Риддер (1452) қалалары мен Шемонайха (427), Күршім (360), Жарма (328) аудандарына жұмысшы мамандары көп қажет. Жұмысшы мамандықтарының ішінде ғимараттар мен құрылыс нысандарын , имараттарын салатын мамандар (1137), дәнекерлеушілер (842), автокөліктерді жөндеумен, оларға қамту қызметтерін көрсетумен айналысатын мамандар( 545) аса қажет екені анықталған.
Облыстық білім беру басқармасының бастамасымен алдағы жаңа оқу жылында облыс колледждерінде 10 жаңа мамандық , 17 жаңа квалификация түрі оқытылмақ.