ШҚО-да қасқырлардың малға шабуы жиіледі

808

ШҚО-да қасқырлардың малға шабуы жиіледі

ШҚО-дағы шалғай ауыл-аймақтың малына қасқыр тиіп жатыр. Бұндай оқиғалар әсіресе Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарында тіркелген, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Қазір қасқырлар қоң жинауға кіріскен уақыт. Сондықтан талғажау етер қорек іздеп ауыл-аймақтың қораларын, табындағы малдарын аңдумен жүреді",-дейді  облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының өкілдері.
Жыртқыштарды  аулауға  ауа райы біршама қолайсыздық туғызып отыр.
"Биыл мінеки қар аз болып тұр, сондықтан жол талғамайтын көлік арқылы қасқырдың соңына түсу тіпті де мүмкін емес,-дейді басқармадағылар.-Оның үстіне жыл басы болғандықтан, тендер әлі өткен жоқ. Осы себепті әр өлтірілген қасқыр үшін аңшыға төленетін 12 мың теңге төлем де кешіктіріліп жатыр. Ал жеке аңшылардың көмегінсіз, жедел отрядтың жұмысы қиындап кетеді".
Айта кету керек,  өлкеде қасқыр саны артқан,  2015 жылы 948 болса, 2017 жылы көрсеткіш 1010 басқа жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу