ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті

292

Облыста 167 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті Фото: Бородулиха ауданы әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті. Бұл туралы Бородулиха ауданы әкімдігі мәлім етті.

"Песчанка ауылындағы дауылдың салдарынан орта мектеп ғимаратына зақым келді. Нақты айтқанда, жел құбырды бұзып, шатырдың бір бөлігін ұшырып әкетті. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу