ШҚО-да қатты желден қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды

336

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да қатты желден қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы Каменское су қоймасы маңында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел қайықта отырған.

– Желдің күрт күшеюіне байланысты олар өздігінен жағалауға жете алмаған. Азаматтарға көмекке жедел түрде құтқарушылар келді. Олар ер адам мен әйелді жағаға аман-есен жеткізді, – делінген ақпаратта. 

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу