Жиі қар жауып, қатты жел соғуына байланысты "Өскемен-Горная Ульбинка-Северное" тасжолында қар көп жиналып, көшкін жүру қаупі туған.
"Сондықтан "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы тасжолдың 2 учаскесінде жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде, 6 700 текше метр қар түсірілген", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу