ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша қазан айынан бастап осы уақытқа дейін 141 714 адам жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырған.
Сондай-ақ аталған кезеңде тұмау жұқтырғандар саны – 127-ні құрады. Соңғы екі аптада ауруға шалдыққандар санының азайғаны байқалып отыр.
"Ұзақ мерзімді мониторинг нәтижесінен белгілі болғандай, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандар желтоқсан айының ортасында күрт өседі. Наурыз айынан бастап ауырғандар саны төмендей бастайды. ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық динамикасынан, ауа температурасының жылынуынан және қоршаған ортадағы вирустардың тұрақсыздығынан аурушаңдық одан әрі азаяды деп күтілуде", - делінген ақпаратта.