Қазан айында Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді

313

Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданында қазан айында "Шығыс салбұрыны" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді.

Қазан айында Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді Фото: www.gov.kz

Фестивальге республиканың әр түкпірінен және шет елдерден, атап айтқанда Моңғолиядан, Венгриядан, Ресейден, Испаниядан, Қытайдан 130-дан астам адам қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, фестиваль10-14 қазан күндері Ұлан ауданы Бозанбай ауылының маңындағы "Бүркіт төбе" алаңында өтеді. Негізгі іс-шаралар 11-12 қазанға жоспарланған.

"Бүркіт төбе" алаңында 20-дан астам киіз үй тігіледі. Онда туристер үшін бүркіттер мен сұңқарлар сайысы ғана емес, түйеге отыру, алтыбақан, садақ ату және басқа да көптеген ойын-сауық ұйымдастырылады.

"Фестиваль қонақтарына өңірдің танымал гастрофирмаларынан тамақтану ұйымдастырылмақ. Жарыс бағдарламасына түрлі санаттағы бүркіттер мен сұңқарлар сайысы, "тазы" тұқымындағы жүйрік иттердің жарысы, "жамбы ату" және "теңге ілу" додалары кіреді", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу