Ақпаратта көрсетілгендей, 5 жасар бала үйдің бесінші қабатындағы ашық терезеге шығып алған. Балалардың ата-анасы үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен.
"9 тамызда Ұлан аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен. Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткен, алайда олар келгенге дейін ол жерге қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында инспектор-кинолог Асыл Беріков жетіп алып, оқиғаға жол бермеу бойынша дереу шаралар қабылданды", – деп жазылған хабарламада.
Асыл Беріков шақыртуды тіркеу кезінде үйдің ауласына жүгіріп жетіп, 5-қабатқа көтерілген. Пәтердің есігін ашқан 12 жастағы қыз бала інісінің ашық терезе алдына шыққанын байқамаған көрінеді. Инспектор-кинолог баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан оны көтеріп алады.