ШҚО-да кісі өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды

357

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

ШҚО-да кісі өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды Фото: gov.kz

Адам өлтірді деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аймақтағы орманның бірінен дарға асылған күйінде табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Noks-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың күзінде Риддердегі көпқабатты үйдің бірінен 33 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Марқұмның денесінен "зорлық-зомбылық белгілері" анықталған. Бұл оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оған қатысы бар болуы мүмкін ШҚО азаматы туралы ақпарат тарады.

Бейресми деректер бойынша, күдікті марқұм әйелмен бірге тұрған. Ал, сұмдық оқиғаға дейін олардың бірге тұрған пәтері сатылғаны анықталды.

Көп ұзамай 1974 жылы туған күдіктіні іздеу туралы ақпарат жарияланып, артынша ол ұсталды.

"Бұрын іздеуде деп жарияланған күдіктінің мәйіті 19 желтоқсанда Риддердің төртінші ауданындағы орман алқабынан табылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу